Талапкерлерге
"Успен аграрлық-техникалық колледжі " КМҚК
2026-2027 оқу жылына студенттердіқабылдайды
Құрметті талапкерлер,
Қазақстандық қоғамды реформалау жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жеке тұлғаның мүдделерін, еңбек нарығының қажеттіліктерін, экономика мен әлеуметтік саланың даму перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.
Біздің оқу орнымызда білім ала отырып, сіз жоғары кәсіби дайындыққа, сұранысқа ие мамандыққа ие боласыз. Білім алушы тұлғасының жан-жақты дамуына бай шығармашылық, спорттық, мәдени және қоғамдық өмір ықпал етеді. Колледж түлектері техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
Оқыту белгіленген мерзімде мамандықтар бойынша оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу жұмыс аптасы бес күнді құрайды, оқу жүктемесі өндірістік практиканың 60% құрайды. Колледжге түсу кезінде негізгі орта білім беру базасында оқыту 6 семестрге бөлінеді, әрқайсысынан кейін разрядты бере отырып, оқытылатын біліктілік бойынша сынақтар мен аралық аттестаттау емтихандарын тапсыру көзделген, олардың қорытындылары білім алушылардың үлгерім кітапшаларында тіркеледі және бітіру кезінде дипломдарға енгізіледі.
Білім алушыларды қабылдау
негізгі жалпы білім беру базасында (9 сынып) 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен жүргізіледі. мамандықтар бойынша:
1) «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»: біліктілігі – ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинист, слесарь-жөндеуші.
2) «Тамақтандыруды ұйымдастыру»: біліктілгі – аспазшы, кондитер-безендіруші.
3) « Зоотехния»: біліктілігі – Мал шаруашылығы шебері
Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 20 маусымнан 20 тамызға дейін жүзеге асырылады
1.білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
2. туу туралы куәлік / жеке куәлік, ЖСН
3.флюросуретті қоса бере отырып, таңдалған мамандық бойынша болашақ кәсіби қызметінің ерекшелігін ескере отырып, денсаулық жағдайының медициналық қорытындысы бар № 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
4.жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
5. 3*4 көлеміндегі 4 фотосурет.
6 Сипаттамасы.
7 Қалта көк
Мекен-жайымыз: Павлодар облысы, Успенка ауылы, Мира көшесі 22,
тел. 8(71834)38045 (оқу бөлімі), 8(71834)38041 (қабылдау бөлмесі).
Оқу орнының сайты www.uatk.edu.kz
Жауапты хатшы: С.У. Наукенова
Қабылдау комиссиясының құжаттамасы:
1. Қабылдау ережелері
2. Қабылдау мерзімі
3. Қажетті құжаттар тізімі
4. Іріктеу критерийлері және қабылдау тәртібі
5. Комиссия құру туралы бұйрық
6. Жұмыс кестесі
7. Жауапты тұлғалардың байланыс деректері

