Успен аграрлық-техникалық колледжінің базасында Торайғыров атындағы университеттің көмегімен агроиновацияны енгізу Орталығы ашылды.
Успен аграрлық-техникалық колледжінің базасында Торайғыров атындағы университеттің көмегімен агроиновацияны енгізу Орталығы ашылды. 2025 жыл-Мемлекет басшысы жұмысшы мамандығының жылы деп жариялады. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту біздің аудан мен елдің экономикасын дамытудың маңызды секторы болып табылады. Агроинновациялық Орталық жаңа инновациялық тәсілдерге және өндірісте заманауи технологияларды енгізуге баса назар аударады. Орталық агроөнеркәсіптік кешенде сұранысқа ие кадрларды даярлауға және колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударады.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН 2025 ЖЫЛ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ
мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды
Жаратылыстану-математикалық бағыт апталығы
2024 жылдың 16 сәуірінде жаратылыстану-математикалық бағыт апталығы аясында "Успен аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК ТҰ-10 тобының білім алушылары үшін химия және физика бойынша қызықты "Ойын - сауық тәжірибелері" байқауы өткізілді. Іс-шараны оқытушылар Д.Б. Смагулова мен О.С. Юсупова дайындап, өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
- білім алушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылығын, тапқырлығын, байқағыштығын арттыру.
- білімді жаңа жағдайда қолдануға, сондай-ақ болып жатқан физикалық, химиялық құбылыстарды сауатты түсіндіруге үйрену.
Өткізілген іс-шара студенттерді жандандырып, физикалық, химиялық құбылыстар мен ұғымдарға қызығушылық тудырды.
Байқау Junior Skills-2024
«Успен аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында «А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ» КММ, «Мағжан Жұмабаев атындағы ЖОМ» КММ, «Таволжан ЖОМ» КММ, «Мұхтар Әуезов атындағы ЖОМ» КММ және «Қозыкеткен ЖОМ» КММ мектеп оқушылары арасында Junior Skills-2024 байқауы өтті.
Байқаудың негізгі міндеттері:
- оқушылардың кәсіби шеберлігін арттыру;
- Успен ауданының мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы,
- таңдаған құзыреті бойынша үздік оқушыларды анықтау және көтермелеу;
- техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығы мен беделін арттыру.
Кәсіби шеберлік байқауы екі құзырет бойынша өтті:
- «Аспаз ісі»,
- «Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу»
Ашық есік күні
«Успен аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК ашық есік күні өткізілді. Колледж болашақ 9-сынып түлектерімен жылы шыраймен кездесті. Іс-шараның басында оқушыларға колледж туралы презентация көрсетілді. Бондаренко Е.Т. және Айткужинова Р.А. жатақханаға экскурсия өткізді. Содан кейін өндірістік оқыту шеберлері Г.Т. Шоқанова мен Д.Г. Фергалюк балаларға кекстерді безендіру бойынша қызықты шеберлігін көрсетті. Аға шебері Сагайдак Г.В. трактор корпусына ұлдарға экскурсия өткізді. Балалар оқытушыларды қызығушылықпен тыңдады, кондитерлік өнімдерді безендіруге қуана қатысты. Іс-шара соңында балаларға дәмді кекстер ұсынылды.
Дүниежүзілік сайлау күні
Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы құрылған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Дүниежүзілік күн жалпыға бірдей сайлауға қатысу құқығын және демократиялық азаматтық құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуді білдіреді. "Успен аграрлық-техникалық колледжі "КМҚК аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі М.А. Табулдыковамен кездесу өткізді. Іс-шара" Менің таңдауым " тоенингтік жаттығуынан басталды, онда балалар ойын түрінде өз таңдауларын жасап, оны жариялады. Сайлау комитетінің төрағасы студенттерге Успен ауданының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы айтып берді. Әңгіме барысында колледж студенттері сайлауға қатысу-еліміздің әрбір азаматының борышы деген қорытындыға келді. Іс-шара сайлау жүйесі мен сайлау құқығын насихаттауға бағытталған.