Успен аграрлық-техникалық колледжінің базасында Торайғыров атындағы университеттің көмегімен агроиновацияны енгізу Орталығы ашылды.
Успен аграрлық-техникалық колледжінің базасында Торайғыров атындағы университеттің көмегімен агроиновацияны енгізу Орталығы ашылды. 2025 жыл-Мемлекет басшысы жұмысшы мамандығының жылы деп жариялады. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту біздің аудан мен елдің экономикасын дамытудың маңызды секторы болып табылады. Агроинновациялық Орталық жаңа инновациялық тәсілдерге және өндірісте заманауи технологияларды енгізуге баса назар аударады. Орталық агроөнеркәсіптік кешенде сұранысқа ие кадрларды даярлауға және колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударады.