Жастарды қолдау орталығы
11 сәуірде Успен аграрлық-техникалық колледжінің базасында "жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың" ашылуы өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімі Дычко Н.В. , колледж басшысы Төлеубаев м.с., орталық мамандары және колледж студенттері қатысты. Аудан әкімі Дычко Н.В. әр студентпен әңгімелесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жастар орталығы тұрақты негізде жұмыс жүргізеді: қолдау, түсіндіру және қосымша оқыту. Орталық жұмыс іздеуге және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға көмектесетін болады.