Кузганова Асылтас Тасбулатовна
Кузганова Асылтас Тасболатқызы 1955 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген.
2003 жылы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі біліктілігін алды.
Успен ауданының №25 кәсіптік лицейінің мемлекеттік мекемесінде Асылтас Тасболатқызы 2002 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, 2006 жылдан бастап оқу-тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары болып жұмыс істеді.
Асылтас Тасболатқызы-сарқылмас педагогикалық әлеуеті бар педагог. Жұмыс істеген жылдары оқытушы өзін жауапты, өз қызметінің оң нәтижелеріне мүдделі, оқушылармен және педагогтармен ортақ тіл таба алатын педагог және басшы, жауапты және атқарушы қызметкер ретінде көрсете білді.
Асылтас Тасболатқызы жұбайымен бірге үш тамаша бала тәрбиелеп, қазір немерелерін тәрбиелеуде.
Республика күніне арналған аудандық байқаудың лауреаты (2007ж.).
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған (2008ж.).
|
|
Женская сборная по волейболу – победитель районных соревнований, 2002 год |