Наукенов Даулет Негматович
Наукенов Дәулет Негматұлы 1953 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Павлодар облысы Успенка ауылында туып өскен. 1960-1970 жылдары №1 Успен орта мектебінде оқыған.
Мектепті бітіргеннен кейін 1 жыл Екатеринослав сегіз жылдық мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1971 жылдан 1973 жылдар аралығында службу в рядах Армии.
Дәулет Негматұлының екі жоғары білімі бар. 1979 жылы (1974-1979 жж.) Павлодар индустриалды институтын Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірді, инженер-құрылысшы біліктілігі бар. 2002 жылы Қазақ Құқықтану және халықаралық қатынастар институтын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген, заңгер біліктілігі бар.
Жұмыс тәжірибесі:
1979-1984 жж.
Павлодарстрой трестінің №521 жылжымалы механикаландырылған колоннасы №5. Шебер, прораб, содан кейін бас инженер болып жұмыс істеді.
1984-1989 жж.
Павлодар облысы Успен ауданының аудандық агроөнеркәсіптік кешенінде бас инженер, кейін төрағаның орынбасары қызметтерін атқарды.
1989-1991 жж.
Павлодар облысы Успен аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
1991-1995 жж.
Успен материалдық-техникалық жабдықтау механизациясы кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
1995-1997 жж.
Успен ауданы "Яков Геринг" атындағы ұжымшардың төрағасы болды.
1997 жылдан бастап 2000 жж.
Успен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры болды.
2000 жылғы 1 наурыздан 2016 жылғы 05 наурызға дейін
Дәулет Негматұлы "Успен аграрлық-техникалық колледжі"КМҚК директоры қызметін атқарды. Содан кейін құрметті демалысқа шықты.
Үйленген, 3 қызы бар.
Өзінің еңбек жолында Дәулет Негматұлы бірнеше рет түрлі деңгейдегі Алғыс хаттармен марапатталды:
- 2001 жылы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды;
- 2003 жылы Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды;
- 2006 жылы Павлодар облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен;
- 2008 жылы Дәулет Негматұлына " Ы.Алтынсарин".
|
|
Женская сборная по волейболу – победитель районных соревнований, 2002 год |