<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Наукенов Даулет Негматович

Naukenov3 

Наукенов Дәулет Негматұлы 1953 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Павлодар облысы Успенка ауылында туып өскен. 1960-1970 жылдары №1 Успен орта мектебінде оқыған.

Мектепті бітіргеннен кейін 1 жыл Екатеринослав сегіз жылдық мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1971 жылдан 1973 жылдар аралығында службу в рядах Армии.

Дәулет Негматұлының екі жоғары білімі бар. 1979 жылы (1974-1979 жж.) Павлодар индустриалды институтын Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірді, инженер-құрылысшы біліктілігі бар. 2002 жылы Қазақ Құқықтану және халықаралық қатынастар институтын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген, заңгер біліктілігі бар.

.

Толығырақ...

Шемченко Людмила Алексеевна

Shemchenko1 

Людмила Алексеевна Шемченко 1957 жылы 1 сәуірде Павлодар облысы Успенка ауылында дүниеге келген. Павлодар қаласының №76 кәсіптік-техникалық училищесін бітірген.

"Успен аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК 1996 жылдан 2014 жылға дейін тігін ісі бойынша өндірістік оқыту шебері лауазымын атқарды. Содан кейін Людмила Алексеевна құрметті демалысқа шықты.

Осы оқу орнындағы педагогикалық қызметі барысында Людмила Алексеевна өзін балалармен ортақ тіл таба алатын және осы немесе басқа жағдайда дұрыс шешім табуға көмектесетін жауапты адам ретінде көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ...

Рожков Владимир Ильич

4aika2   Владимир Ильич Рожков1950 жылы 2 ақпанда Алтай өлкесі, Панкрушихин ауданының Петровка ауылында дүниеге келген. 1963 жылы ата-анасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған. 1968 жылы №1 Успен орта мектебін бітіреді. Ал осы 1968 жылдың қазаң айында СА қатарына борышын өтеуге шақырылды. 1970жылы Успен аудандық ІІБ қызметке орналасты. Мұнда учаскелік инспекторы, басшының орынбасары лауазымында қызмет жасады. 1997 жылдың ақпан айында подполковник атағында запасқа шығарылды. Үйленген 3 баласыбар, немерелерің тәрбиелейді.

   Біздің оқу мекемемізде 1997 жылдан бастап 2009жылға дейін еңбек етті. Өзінің педагогикалық қызметі кезінде алғашқы әскери дайындық оқытушысы ретінде Владимир Ильич осы пәнді оқыту ісін жүргізген уақытында әскери-жаттығулар түрлері бойынша шаралар өткізді, бозжігіттермен бірге аудандық әскери-дала жазғы ойындарға қатысты. Оқу мекеменің ұжымы үшін Владимир Ильич -әрқашанда ақжарқын,көңілді,данышпан, әр уақытта қолдайтын, бағытты кеңес бере алатын қызықты адам.

Толығырақ...

Кузганова Асылтас Тасбулатовна

Kuzganova1 

Кузганова Асылтас Тасболатқызы 1955 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген.

2003 жылы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі біліктілігін алды.

Успен ауданының №25 кәсіптік лицейінің мемлекеттік мекемесінде Асылтас Тасболатқызы 2002 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, 2006 жылдан бастап оқу-тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

Толығырақ...

Чайка (Рымарь) Нина Алексеевна

4aika2   Чайка (Рымарь) Нина Алексеевна Белоцерковка ауылында (Ильичевка/Козыкеткен)1946 жылы 8 қарашада дүниеге келген. 1954 жылы Белоусов сегіз жылдық мектебіне 1 сыныпқа оқуға барады, ал 1962 жылы оны бітіреді. Успен ауданының «Красная Армия» колхозында 1962жылдан бастап 1964 жылдары жұмыс істейді. Сосын 1964 -1965 жылдары Турксиб жөндеу шеберханасында дефектовщик болып жұмыс істейді. Ал 1969 жылы Щербақты ауылшаруашылық электрификалау және механикаландыру техникумын бітірді және «Путь Ильича» колхозына техник-механик маманы болып жіберілді, онда 1970 жылға дейін қызмет жасады. 1970жылы Успен ауданының № 25 СПТУ өндіріс оқу шебері болып ауыстырылды. Осы 1970 жылдан бастап1987 жылдарға шейін Нина Алексеевна біздің оқу мекемемізде өндіріс оқу шебері,арнаулы пәндер оқытушысы, тәрбиеші болып қызмет атқарды. Ал 1987 жылдан бастап Нина Алексеевна директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына кірісті және осы лауазыммен 2004 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Нина Алексеевнаны педагогикалық өтілімі 34 жылмен саналады.

Толығырақ...

ҚР Президентінің Жолдауы

 

Мемлекеттік рәміздері ҚР

Войти на сайт

 

Поиск по сайту

Статистика сайта

Сегодня5
Вчера9
За неделю64
За месяц375
Всего26859